Атырау, 19 сәуір 20:11
 ашықВ Атырау +19
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

«Сот отырысында әділдік болған жоқ». Наркология санитары 8 жылға сотталды

3 116 просмотра
Дәурен Жоламановтың 2020 жылғы 1 қазанда жазылған бейнеүндеуінен алынған кадр

2 Атырау қалалық соты 48 жастағы Өзбекстан азаматын өлтірді деп айыпталған 24 жастағы Дәурен ЖОЛАМАНОВҚА қатысты үкім шығарды. Бұған дейін сотталушы тергеу кезінде полиция департаментінің қызметкерлері оны ұрып-соғып, егер ол кінәсін мойындамаса, онда таксист болып жүрген әкесінің қалтасына есірткі салып жібереміз деп қорқытқанын мәлімдеген еді.

Істің мән-жайын қысқаша еске салайық. Былтыр 17 мамырға қараған түні полицейлер мас күйдегі Өзбекстан азаматын наркодиспансерге жеткізген. Наркологтар пациентті айықтырғаннан кейін, полицейлер оны алып кеткен. Ал екі күннен кейін гастарбайтердің қала маңындағы Жұлдыз ықшамауданында зорлық-зомбылық белгілерімен өлігі табылды. Жарты жылдан кейін полиция күдіктіні - сол кеште өзбек азаматын куәландырған наркодиспансердің санитары Дәурен Жоламановты ұстады.

Бұған дейін осы іс бойынша қала мектептерінің бірінің жоғары сынып оқушысы ұсталып, ол кінәсін мойындағанымен, кейін оны бірнеше күн бойы ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодексін бұза отырып, яғни, заңды өкілсіз, адвокатсыз, педагогсыз және психологсыз ұстағаны анықталды. Осыдан кейін оқушыны жіберіп қойды, ал келесі күдікті Жоламанов болды.

Сот оны ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-тармағы (Жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру) бойынша кінәлі деп тауып, 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Жоламановтың анасы Нұргүл МАҒАУОВА үкіммен келіспейді және сот кейбір адамдардың мүддесін қорғап отыр деп күдіктенеді:

- Тергеу де, сот та ұлымды кінәлі қып шығарды. Әлгі мектеп оқушысы қайда? Ол анасына тіл тигізгені үшін мас өзбекті ұрып тастағанын айтты ғой. Менің ұлымды соққыға жыққан полицейлер қайда? Сот отырысында әділдік болған жоқ. Мен Президент пен Елбасыға дейін барамын.

Полицияда полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру жүргізілді ме деген «АЖ» сұрағына жауап берген жоқ. Қазір Жоламановтың туыстары облыстық сотқа апелляциялық шағым түсірді.

Фархат ӘБІЛОВ

5 наурыз 2021, 10:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.