Атырау, 18 сәуір 23:00
 ашықВ Атырау +24
$ 448.89
€ 477.93
₽ 4.76

Атыраудағы жылу төлемдері туралы Петр Своиктің пікірі

3 223 просмотра

Атырауда жарықты өшіруден басқа тұрғындарда тағы бір күрделі мәселе бар – 2020 жылдың желтоқсан айында жылу беру түбіртегіндегі үлкен сомалар – олар бірден 4 мың теңгеге және одан да көп сомаға өсіп кеткенЫқшамаудандар тұрғындары өздерінің наразылығын білдіріп, түсіндіруді талап ету үшін бірнеше рет аулада жиналды. ЖЭО өкілдері оларға бұл өзгерістер... ауа-райы температурасының төмендеуімен байланысты деп түсіндірді.

Әзірге АЖЭО тұрғындардан өтініш қабылдап, олардың жағдайын жеке-жеке қарастырып отыр. Бірақ оның пайдасы бар ма? Меніңше, жоқ. Себебі чатта контроллерлар тұрғындарды күтпей төлей беріңіздер, әйтпесе өшіріледі деп ескертіп жазып отыр. Бірақ көбінің сонша ақшаны төлеуге мүмкіндігі жетпейді. Алда қыстың тағы бір ай жарым мерзімі бар.

«ТЫМ ҮЛКЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚ БОЛМАУЫ ТИІС»

«АЖ» АЖЭО-ға осы тақырыпқа қатысты  өзінің және оқырман сұрақтарын жолдады. Сонымен қатар, біз белгілі қазақстандық экономист және публицист, «Ашық тариф» қазақстандық қауымдастығы президиумының төрағасы Петр СВОИКПЕН телефон арқылы сөйлестік. Ол ауа-райына байланысты әр түрлі себептермен ай сайын адамдардан ақша жинау принципі дұрыс емес дейді.

- ЖЭО мен жылу желілерінің өзі жылы немесе суық болса да шамамен бірдей режимде жұмыс істейді және олардың шығындары ауа температурасына еш атысы жоқ. Тіпті жазда жылу жүйесі іске қосылмаса да ЖЭО жөндеу жұмыстарын жүргізеді және сол жөндеуге қысқа дайындық үшін сол қаңтардағыдан кем емес қаражат қажет. Сондықтан тұтынушылардан айдан айға дейін ауа-райына байланысты тең бөлінбеген төлемді талап ету дұрыс емес. Бұл таза популистік принцип. ТМРК мен үкімет сол популизмге бет бұрды және оны бекер жасады. Бірақ өтті-кетті. Адамдар өз қалтасына қарап, шамасын білу үшін және жылу таратқыштар да ақшаны біркелкі алуы үшін орташа төлем белгілеу керек, - дейді П.Своик.

– Бірақ мәселемізге қайта оралсақ - монополияға қарсы комиттегілердің пікірінше, бізде тариф көтерілген жоқ. Бірақ адамдар мұндай ауытқушылық бұрын болмаған дейді.

- Тариф өзгерген жағдайда айырмашылық болуы мүмкін. Егер тариф өзгермеген болса, сіз өткен қыста терезелерді жауып қойып, ал биыл ашық тұрған болса, алайырмашылық болуы мүмкін. Сонда көп шығады, өйткені есептегіш құрал көбірек көрсетеді. Егер үй өзгермеген болса, егер құрылғы бұрынғы болса, тариф өзгермеген болса, онда өте үлкен айырмашылық болуы мүмкін емес.

Бірақ ауа-райы да әсер етеді. Айталық, құрылғы тек сіздің үйіңіз тұтынған жылуды өлшейді. ЖЭО-да температура кестесін сақтайды - жылу желілері сіздің үйді жылумен қамтамасыз етеді және температуралық кестеге сәйкес құбыр арқылы пайдаланған суды кері қабылдайды. Ал температуралық кесте қалай жасалады? Ол әр қаланың жылу жүйесі үшін жылу желісіндегі температура ең жоғары болған кезде, климатологиялық анықтамалыққа сәйкес жылдың ең суық 3 күн негізінде есептелген. Сыртқы ауа температурасы неғұрлым төмен болса, жылу желісіндегі бұл температура соғұрлым төмен болады. Мұны ЖЭО бақылап отырады, осының арқасында әр үй автоматты түрде сыртқы температураға сәйкес жылу пайдаланады. Бірақ бұл, әрине, егер жылу элеваторы дұрыс жұмыс жасап, ЖЭО  температуралық кестені дұрыс сақтаған жағдайда. Бұл іс жүзінде жыл сайын бірдей болмайды, қыс кейде жылы, кейде суық болады, осы тұрғыдан алғанда ЖЭО көбірек жылу беретіндіктен, құрылғы көрсеткіші көбейеді. 

«ЕШКІМ ШАМ ҰСТАП ТҰРМАЙДЫ»

Экономисттің айтуы бойынша, бүкіл үйге бір есептеу қондырғысы қойылып, бір өлшем көрсетіп, кейін есептеу орталығында осы бүкіл үйдің көрсеткішін тұрғындар арасына қалай шаққанын білу керек, сосын басқа астыртын әдіс пен келісім бар-жоғын анықтау керек.

- Мәселе мынада, Атырау облысы бойынша ТМРКД жергілікті тарифті бекітеді, ал көлемді тариф астанадағы кеңседе бекітіледі. Департаментті реттеуші делік - оның монополист серіктесі бар, мысалы, «Атырау Жарық», АЖЭО және т.б. Өз дәрежесіне байланысты бұл монополист сіздің облыстық департаменттің немесе астанадағы кеңсенің есігін қағады. Өтініш жасайды, олардың ресімдейтін жұмыстары көп. Оның бәрі өзара шешілетін нәрселер. Монополист бар, шенеунік бар, дұрыс бола ма, бұрыс бола ма, өздері шешеді. Бұл жерде үшінші тарап жоқ. Шам ұстайтын ешкім жоқ. Мұның барлығы кеңседе қағаз жүзінде атқарылады.

П.Своик облыстық департаментте қанша адам жұмыс істейді, жалақысы қандай және олар біздің жылу-электр желілерде не болып жатқанын біле алады ма деп ойланып қалды.  

- Бұл шығыны көп өте үлкен кәсіпорындар. ТМРКД-да жұмыс істейтін бірнеше адам осының барлығын бақылай ала ма?

Своик сонымен қатар монополист шенеуніктердің сұрауына барлық құжаттарды ұсынады, ал шенеуніктің іс жүзінде қайсысы рас, қайсысы өтірік екенін тексеруге мүмкіндігі жоқ дейді. Түйе сұрасаң, бие береді деген қағида бойынша қысқартады, кеседі, сосын тариф береді. Ал бұл ақшаның қайда кетіп жатқанын ешкім тексермейді. Монополистерді де тексермейді.

- Олар сізге өздерінің жағдайы қандай қиын екенін, қаражат жетпейтіні туралы айтады. Жетпейтін де шығар. Бірақ қаражаттың барлығы нақты іске жұмсалды ма, әлде біреу-міреу «жымқырып» отырған жоқ па? Бұл сұраққа жауап жоқ.

ҮШІНШІСІ КЕРЕК

- Мен көп жыл бойы ең болмағанда көлемді шығындарды бақылайтын үшінші тарап болу керек деп айтып келемін. Ол өз кезегінде ЖЭО, электр, газ және сумен жабдықтау желілеріндегі жағдай туралы нақты есеп бере алар еді. Мүмкін бұл есепте шынымен де ақша жетіспейтіні, біріне жұмсаса, екіншісіне жетпейді, тарифті көтеру керек деп жазылуы мүмкін. Бірақ көптеген шығындар делдалдар арқылы жүзеге асырылады, көбіне көбейтіп көрсеткен, ақшаның бір бөлігі қайда кететіні белгісіз деп те жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда тарифті көтеру емес, директорды өзгерту керек. Кез-келген жағдайда тәуелсіз бақылау болу керек, - дейді П.Своик. 

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА


23 қаңтар 2021, 17:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.