Атырау, 12 маусым 16:41
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.76
€ 562.39
₽ 6.75

Алматыда 13 жастағы жасөспірімнің мектеп оқушысын өлтіру ісі қоғамды дүр сілкіндірді

102 рет қаралды

Түрксіб ауданында 12 жастағы Абылайхан Ержанұлының қаза табуына қатысты жаңа деректер белгілі болды. Отбасының айтуынша, оны сыныптастары алдап шақырып, үйге кіргізіп, асхана пышағымен тоғыз рет жарақаттап өлтірген. Бұл туралы «NewTimes.kz» хабарлады.

Марқұмның туыстары баланың ешкіммен жанжалдаспағанын, спортпен айналысып, жақсы оқығанын айтады. Олар қылмыстың себебін түсінбей отыр. Әсіресе, күдіктінің жасы 13 болғандықтан, нақты жазаға тартылмауы мүмкін деген ақпарат туыстардың ашу-ызасын күшейтті.

«Бала өлтірсе де жауап бермейді дейді. Бұл қандай заң? Ертең балалар бір-бірін өлтірсе, біз не күтеміз?» – деп күйінеді отбасы.

Алматы полициясы күдікті жасөспірімнің ұсталғанын растады. Ресми мәлімет бойынша, жасөспірімдер арасында жанжал шығып, соның барысында бірі пышақ қолданған. Қылмыстық іс қозғалып, күдікті кәмелетке толмағандарға арналған арнайы мекемеге орналастырылды. Сонымен қатар, полиция оның ата-анасының жауапкершілігі бөлек қаралатынын атап өтті.

Бұл оқиға қоғамда үлкен резонанс туғызып, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен заңдық жауапкершілік мәселесін қайта көтерді.

Бүгін, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.