Атырау, 26 сәуір 23:06
 ашықВ Атырау +25
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

Көпірді күрделі жөндеуге дайындық: топырағы зерттелуде

Сурет
2 422 просмотра

Мамандар Атыраудағы орталық көпірді жаңғырту аясында инженерлік-геологиялық зерттеу жұмыстарын бастап кетті.

Бас мердігер мекеме «ПК Арнай» ЖШС қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі жəне автокөлік жолдары бөлімінің тапсырысымен бұрғылау жұмыстарын жүргізуде. Арнайы қондырғының көмегімен терең ұңғыма жасап, көпір маңында өзеннің түбінен және жағаларынан топырақ сынамасы алынды. Сынама зертханаға тапсырылды. Мамандар топырақтың тығыздығы мен беріктігін анықтайды. Осыдан кейін барып қана зертханалық зерттеудің негізінде жобалық шешім шығарылады, – дейді Атырау әкімдігінің баспасөз-қызметі. - Жоба бойынша көпірдің ені үшжолақты қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Ал, жаяу жүргіншілер үшін темірден жасалған қосымша бөлігі болуы мүмкін. Əрине, бұл техникалық шешімдерден кейін белгілі болмақ. 

Бұл дайындық жұмыстарына 47 млн 155 мың 360 теңге бөлінді. Күрделі жөндеудің өзіне қанша қаражат жұмсалатыны әзірге белгісіз. 

Естеріңізге сала кетсек, осыдан тура бір жыл бұрын Атырау билігі орталық көпірді жылу желісінің сырғымалы тірегі орнынан ығысуына байланысты уақытша жауып тастады. Бір айдан кейін қайта ашты, бірақ күрделі жөндеуді бәрібір жасау керек болды, себебі соңғы рет ол 20 жыл бұрын жасалған.   

Күрделі жөндеу жұмыстарының ЖСҚ-ы 2019 жылдың соңында дайындалды, бірақ кейін әкімдік құжаттаманы қайта жасау қажет деп шешті. "Біз жобаны барынша ықшамдап, жұмысты тезірек бастағымыз келеді", – деді Атырау әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ өткен жылы желтоқсандағы БАҚ өкілдерімен кездесуінде. 

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттерді түсірген Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

21 қаңтар 2021, 10:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.