Атырау, 13 қазан 19:26
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сайлау күні АМӨЗ-де алау жанды-2

2 475 просмотра

Экология департаментінің хабарлауынша, кеше түнде мамандар АМӨЗ-дің алау жүйесіне отын шығарылғаннан кейін зауыттың санитарлық-қорғау аймағындағы атмосфералық ауадағы зиянды заттардың концентрациясын өлшеді. Күкіртсутек бойынша ШРК-ның артық мөлшері тіркелді - 0,084 мг/м3 және 0,1 мг/м3 (ШРК - 0,008 мг/м3).

Бұл ҚР Ұлттық экономика министрлігінің №167 бұйрығына сәйкес қалалық және ауылдық елді мекендердегі атмосфералық ауаның гигиеналық нормаларын бұзу, деп атап өтті Департамент.

Осы факті бойынша материалдар ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша АМӨЗ-ге қатысты шара қолдану үшін Атырау облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жолданды.

Бұдан басқа, барлық ақпарат Атырау облысының мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасына беріледі.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

11 қаңтар 2021, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.