Атырау, 13 қазан 21:26
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Сайлау күні АМӨЗ-де алау жанды

Бейнежазба
2 349 просмотра
Видеодан скрин

10 қаңтарда кешке Атырау қаласының тұрғындары АМӨЗ-де алау жанып жатқанын жазды. Экология департаменті өздерінің жылжымалы зертханасы ауа сапасының сынамасын алуға шыққанын хабарлады.

Зауытта жанып жатқан алау туралы АМӨЗ баспасөз қызметі мынадай ақпарат берді:

«2021 жылы 10 қаңтарда Атырау МӨЗ-де Атырау облысының сыртқы желілерінде (KEGOC желісі арқылы) электр энергиясы терең тұйықталған. Апатты жағдайдың алдын алу үшін зауыттың жанармай желісі сыртқы электрмен жабдықтау жүйесі толығымен тұрақталғанға дейін технологиялық регламентке сәйкес алау жүйесіне бағытталды. Айта кету керек, бұл «KEGOC» АҚ-ның бір күн ішінде үшінші рет электр қуатын ажыратуы, мұндай жоспарланбаған үзілістер өндіріске кері әсерін тигізеді», - деп хабарлады жұртшылықпен байланыс бөлімі.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

10 қаңтар 2021, 23:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.