Атырау, 13 қазан 21:29
 ашықВ Атырау +7
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Қалалық әкімдік: «Адамдар сайлау учаскесінің мекенжайын шатастырған»

2 065 просмотра

Атырауда әкімдіктің баспасөз қызметі №91 сайлау учаскесінің мекенжайына қатысты туындаған жағдайға түсініктеме берді. Естеріңізге салсақ, №91 сайлау учаскесінің сайлаушыларына мұның алдында олардың сайлау учаскесі «Қазгидромет» филиалы ғимаратында екендігі жөнінде SMS-хабарлама келген. Алайда ғимарат бүгін жабық тұрды. Адамдар қай жерде дауыс беретіндерін білмей, көрші сайлау учаскелеріне барған. Сөйтсе, олар Нұрсая ықшамауданындағы №40 мектеп ғимаратында дауыс беруі керек екен.

Облыстық сайлау комиссиясы "АЖ" тілшісіне барлық сайлаушылар тізімі мен учаскелердің мекен-жайын Атырау қалалық әкімдігі жасайтынын айтты. 

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі  кейінірек төмендегідей ақпарат берді.

«Әлеуметтік желі мен бұқаралық ақпарат құралдары арқылы кеңінен хабарланғанына қарамастан, сайлау күні Атырау тұрғындары сайлау учаскесінің мекенжайын шатастырып алды. Анықталғандай, №91 сайлау учаскесі бұрын "Қазгидромет" РМК ғимаратында болған. 2020 жылы Атырау қаласы әкімінің шешімімен сайлау учаскесі Нұрсая ықшамауданындағы №40 мектеп ғимаратына ауыстырылды. Шешім жергілікті баспа басылымдарында жарияланды. Сондай-ақ, сайлау қарсаңында сайлаушыларға жаңа мекенжай көрсетілген шақырту жіберілді. Бұдан басқа, «Қазгидромет» РМК ғимаратында сайлау учаскесінің жаңа орны көрсетілген ақпарат ілінді, сонымен қатар облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттері мен әлеуметтік желіде де жарияланды».

Гүлсім СҮЙІНҒАРИЕВА

Суретті түсірген автор

10 қаңтар 2021, 16:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.