Атырау, 23 желтоқсан 17:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Бұл жолы «Рыба моей мечты» мен Endnesteimz тұтылды

3 398 рет қаралды
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Атырау қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы сотқа карантин режимін бұзғаны үшін, атап айтқанда, сағат 22.00-ден кейін жұмыс істегені үшін бірнеше рет айыппұл салынған «Рыба моей мечты» караоке-бары мен "Endnesteimz" лаундж-барының қызметін тоқтату туралы талап арыз жолдады. Естеріңізге салсақ, өткен аптада полиция мониторинг тобының мүшелерімен бірге осы екі ойын-сауық мекемесіне рейд жүргізген еді.

Айта кету керек, Атырауда карантин шектеулерін бірнеше рет елемеген мейрамханалар әлі де анықталуда. Мысалы, 26 желтоқсанда, сағат 22.00-ден кейін карантин режимін екі рет бұзған Tofu мейрамханасы ашық болды; дәл сол кеште полиция бұрын да ереже бұзған Ak'sReserve мейрамханасын анықтады. Жиналған құжаттар әрі қарай әкімшілік сотқа беру үшін санитар дәрігерлерге  жолданды.

Фархат ӘБІЛОВ

2 қаңтар 2021, 11:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.