Атырау, 5 желтоқсан 08:02
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Сарайшық учаскесі мұнай іздеушілерге 43 млрд теңгеге берілді

4 187 рет қаралды

Жер қойнауын пайдалану құқығының алғашқы онлайн аукционы аяқталды - болашақ жер қойнауын пайдаланушыларға жалпы сомасы 61 миллиард теңгеден асатын 7 жер учаскесі берілді.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын Энергетика министрлігі саттыққа 10 учаске қойылғанын хабарлаған болатын. Бірақ аукцион 7 учаске бойынша өтті - қалған үшеуінде ең аз қатысушылар саны жиналмады.

Барлық учаске Атырау облысының аумағында орналасқан (біреуі ішінара Ақтөбе облысына кіреді).

Ең жоғары баға Сарайшық учаскесіне ұсынылды - 43 миллиардтан астам теңге, баға 1000 есе көтерілді (бастапқы бағасы - 43,3 миллион теңге), одан кейін Забурын учаскесі - 16 миллиард теңгеден астам.

Энергетика министрлігі біздің "аукционға шетелдік азаматтар қатыса ала ма?" деген нақтылаушы сұрағымызға "ЭСҚ-ы бар шетелдіктер аукционға қатыса алады, бірақ олар жер сатып алмайды, Қазақстан азаматтары сияқты жер қойнауын пайдалану құқығын сатып алады", деп жауап берді.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

24 желтоқсан 2020, 11:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.