Атырау, 14 қазан 05:27
 ашықВ Атырау +9
$ 487.37
€ 532.94
₽ 5.09

Жылыойда Теңіз жұмысшылары кен орнына ПТР-анықтамасыз өтпекші болған

4 120 просмотра

Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз полиция бөлімшесінің қызметкерлері кен орнына блок бекетті айналып өтуге тырысқан бір топ адамның жолын кесті.  Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Теңіз полиция бөлімшесінің патрульдік полиция инспекторы полиция капитаны Тілеуке Құмаров блок бекетті айналып, кен орнына қарай бет алған "Lada Granta" автокөлігін көрген бойда басшылыққа хабарлап, өзі тоқтату үшін аталған көлікке бет алады. Бір мезгілде сол бағытқа оның әріптестері де жолға шығады.

Полицейлер Құлсары қаласының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы көлікті вахталық кентке кіреберісте тоқтатты. Жүргізушіден басқа салонда төрт ер адам, олардың екеуі Орынбор қаласында тұратын Ресей азаматтары болып шықты. 

Құжаттарды тексеру барысында үш жолаушының, оның ішінде бір ресейлік азаматтың қолында ПТР-тесттен өткендігі туралы анықтама болмай шықты. Көліктегілер "Теңіз" вахталық кенті аумағында орналасқан ЖШС компаниялардың біріне бармақшы болған. 

Қазіргі уақытта жинақталған құжаттар тиісті шешім қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бөлімге жолданды", - делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Естеріңізге салсақ, ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ кейбір мердігер мекеме қызметкерлерінің жалған ПТР анықтамаларды қолданып, санитарлық бекеттерден өткені анықталды, деп мәлімдеген болатын.

14 желтоқсан 2020, 21:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.