Атырау, 19 мамыр 09:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

ПТР анықтамасы керек пе? Мінеки!

3 800 просмотра

Теңіз кенішінде жақында жаңа проблема пайда болды – кейбір мердігер мекеме қызметкерлерінің жалған ПТР анықтамаларды қолданып, санитарлық бекеттерден өткені анықталды.

Брифингте ТШО-ның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі бас менеджері Рзабек АРТЫҒАЛИЕВ хабарлағандай, шұғыл арада бұл қызметкерлерге Теңізге кіруге рұқсат қағазының күші жойылып, бұл туралы тиісті мемлекеттік органдарға хабарланды. Енді ресми тергеу жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде.

- Кеніштегі өндірістік жұмыстар үзіліссіз жалғасуда. ККЖ жобасын жүзеге асыру бойынша жұмыстар қауіпсіз болу үшін барлық қажетті шаралар алынып жатыр. «Теңізшевройл» персоналды «капсулды» әдіс бойынша бөлу секілді қауіпсіздік шараларын енгізді. Бұл топтар мен жұмысшылардың тығыз байланысын болдырмайды және негізгі персоналдың бір тобына вирус таралған жағдайда басқа топ оларды алмастырып, жұмысты жалғастыруға дайын болады дегенді білдіреді, - деп түсіндірді Артығалиев.

Қазіргі уақытта Теңізде 315 төсек-орындық облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы жұмыс істейді. 174 қызметкер ем алып жатыр. Қосымша 400 төсек-орын дайындалуда.

Теңіздегі жұмысшылар арасында COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 7 желтоқсандағы ахуал бойынша 4532 адам болған, оның 95%-ы толықтай сауығып шықты. ТШО компаниясының өзіндегі қызметкерлер арасында 423 науқас анықталды, қалғаны – мердігер мекемелерде. Бүгінде 167 мың ПТР тест жасалды.

Артығалиевтың айтуынша, кеніште қатаң карантиндік шаралар сақталған, санитарлық бекеттер жұмыс істейді. Алгоритм бойынша, қызметкер ауысымға түспес бұрын тест тапсырады, бір апта оқшауланып, қайтадан тест тапсырады. Егер нәтиже теріс шықса, вахтаға жіберіледі. Вахта аяқталғанда да осы үдеріс қайталанады.

Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ақпараты бойынша, соңғы екі аптада Теңізде 161 жағдай тіркелді, оның ішінде 8-і - ауысымға келгенде, 31-і - ауысымнан шыққанда, 45-і - өздері жүгінгенде, 74-і - байланыста болғандар арасынан анықталған. Бұл деректер «Инжинеринг НТС», «Compass Kazakhstan LLP», «МСС», «Шлюмберже», «CОСR», ЖШС «Карат», «Nazar», «Ұрпақ», «КазЭмАй», «Сенімді құрылыс», «Артик», «Делхом», «Велесстрей», «ЕСС», «Далеро» компаниялары бойынша тіркелген. Барлық ауру ошағынан байланыста болған адамдар анықталып, оқшауланды, жедел дезинфекциялау жұмыстары жүргізілуде.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

9 желтоқсан 2020, 12:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.