Атырау, 26 желтоқсан 20:56
 ашықВ Атырау -3
$ 514.93
€ 536.04
₽ 5.18

Неліктен мақаттық әйелдер босануға облыс орталығына барады

4 285 просмотра

30 мыңнан астам халқы бар Мақат ауданында маман дәрігерлердің жетіспеушілігі өткір сезіледі. Мәселен, лор, көз дәрігері атымен жоқ. Сол себептен аудан тұрғындары бұл медициналық қызмет үшін 120 шақырымдағы Атырау қаласына сабылып жүр. Бірақ бұл ғана проблема емес.

- Екі ай болды лор, көз дәрігері кетіп қалғанына. Қарап отырғанымыз жоқ, жан-жақты байланыс орнатудамыз. Мәселен, биыл осындай жұмысымыздың нәтижесінде 7 жас дәрігер ауданымызға келді. Көбі Оңтүстік облыстан. Оларға біржолғы қаржылай көмек, баспанамен қамту жайы оң шешімін табуда. Бұрынғыдай емес, дәрігерлер ауданға келіп қызмет етуде, - дейді Мақат аудандық ауруханасы директорының орынбасары Рыскүл САЙСЕКЕНОВА.

Қазір өзекті тақырыптардың бірі – акушерлік-гинекология саласы. Соңғы екі жылда ауданда ана өлімі тіркелмегенімен балалар арасында шетінеп кетіп жатқандар бар. Былтыр бір жасқа дейін - 7, ал биыл 6 бала өлімі тіркеліп отыр. Олардың арасында төрт айлық сәби де бар. Негізі жүкті әйелдердің басым бөлігі облыс орталығына барып босануда. Жергілікті акушер-гинекологтардың өздері де түрлі созылмалы аурулар, қан аздық салдарынан сол жерге баруға жолдама береді.

Медициналық сақтандыру проблемасы да бар, қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескерсек, бұл оңай болмай тұр.

- Әлеуметтік мемлекеттік сақтандыру қорына аудан бойынша 2,5 мың адам ілікпеген, - дейді аудандық аурухана директорының емхана жөніндегі орынбасары Айгүл ЕЛЕМЕСОВА.  – Олар жұмыспен қамту орталығына тіркелмегендер, кейбір жұмыс берушілер қорға уақтылы қаржы түсірмегендер. Бірақ та алғашқы дәрігерлік көмек міндетті түрде беріледі.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

12 желтоқсан 2020, 18:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.