Атырау, 28 наурыз 15:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Атырауда Канцев көшесінің бір бөлігін 1,4 миллиард теңгеге қайта жаңғырту жоспарланған

Сурет Бейнежазба
4 396 просмотра

Атырау әкімдігі Георгий Канцев көшесінің 1,26 км бөлігін қайта жаңғыртуға 1,4 миллиард теңге бөлмекші. «AЖ» тілшісі бұл көшенің қандай күйде екенін көруге бел буды.

Алдымен көшенің Ұлы Отан соғысына жанқиярлықпен қатысып, «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болған жерлесіміз, Махамбет ауылының тумасының құрметіне аталғанын еске салайық.

Енді көшенің өзіне тоқталсақ. Ол жерде Д.Байбосынов атындағы №13 Ұлттық мектеп-гимназиядан басқа әлеуметтік нысандар жоқ. Супермаркет пен шағын базар бар. Алайда көше логистика тұрғысынан өте маңызды - Алмагүл және Привокзальный тұрғын үй массивтері жағынан қала орталығына алып келеді. Бірақ жолдың жағдайы мәз емес, қазір жүргізушілер үшін өте қауіпті. Мысалы, облыстық әскери комиссариатқа бұрылған жерде жолдың түгі қалмаған – ойдым-ойдым шұңқырларды айналып өтетін жүргізушілер қарсы жолаққа шығып, апатты жағдай туғызады.

Көз алдымда «Приора» осындай шұңқырға түсіп кетті. Ашуланған жүргізуші менің түсіріп жатқанымды көріп айқайлай жөнелді: «Не болып жатқанын қара! Күн сайын осылай! Көп ұзамай машинасыз қалатын шығармын! Әкімдікке айт!..» (әрі қарай балағат сөздерді айтып жатты).

Бір қызығы, көлік жолы өте нашар, ал тротуардың түрі әжептәуір. Бірақ Амандосов көшесі жаққа қарай тротуар бөлігі қатты тозған.

Жақында БАҚ өкілдерімен кездесуде Атырау қаласының әкімі Қайрат ОРАЗБАЕВ Канцев көшесін қалпына келтіруге тендер жарияланғанын айтқан еді:

- Күрделі жөндеуді қажет ететін жол бөлігінің ұзындығы - 1,26 шақырым. Көлік жолын 14 метрге дейін кеңейтіп, екі жағынан ені 1,5 м болатын тротуар салу жоспарланған. Жұмыс қаржы бөлінген бойда 2021 жылы басталады. Жоба құны - 1,4 миллиард теңге.

Осындай ұзындықтағы жол бөлігіне бұл ақша көп емес пе? Бірақ бұл, бір танымал телехабарда айтылғандай, мүлдем басқа әңгіме.

Фархат ӘБІЛОВ 

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

5 желтоқсан 2020, 14:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.