Атырау, 20 сәуір 17:55
 ашықВ Атырау +20
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

​Атыраудағы тутұғыр жаңа жылға дейін тапсырылады

4 454 просмотра

Құлаған тутұғырды осы жылдың аяғына дейін кері тапсыру жоспарланып отыр, деп хабарлады брифингте Атырау облысының құрылыс басқармасының бастығы м.а. Мерей ЖАНТӨРЕЕВ. Бастапқыда жалпы құны 2,5 миллиард теңге болатын тутұғыр орнатылған аумақты бір жыл бұрын Тұңғыш президент күніне тапсыруға тиіс болатын, алайда үлгермеді, кейінірек ол ортасынан қақ бөлініп, құлап түсті. Енді, бір жылдан кейін оны екі-үш аптада тапсыруға уәде беріп отыр.

Брифингте тағы бірнеше цифр жарияланды.

Облыста 48 тұрғын үйдің (3338 пәтер) құрылысы жүріп жатыр. Оның ішінде, 1356 пәтерлі 15 үйді жыл соңына дейін тапсыру жоспарланған. Атырау қаласының Бас жоспарына сәйкес, бұл үйлер Талғайраң, Береке, Нұрсая ықшамаудандарында салынып жатыр. 7 ауданда да тұрғын үй құрылысы жүргізілуде.

Бұдан басқа, Жантөреев келесі жылы Атырауда 160 орындық М.Жұмабаев атындағы орта мектеп салу жоспарланып отырғанын атап өтті. Естеріңізге салсақ, ғимарат үш жыл бұрын апаттық жағдайға байланысты жабылған болатын.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

5 желтоқсан 2020, 13:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.