Атырау, 25 сәуір 11:00
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Жарсуат ауылында сиырлардың жуа жеп өлгені анықталды

3 738 просмотра

Жақында Индер ауданындағы Жарсуат пен Құрылыс ауылдарының тұрғындары мал шығынына ұшырады. Олар мал «АсылАгро» ШҚ-на қарасты алқаптағы жуаға жайылғандықтан осылай болғанына нық сенімді болды. Енді мамандар да солай екенін анықтады.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, облыстық ветеринариялық зертхана жануарлардың шамадан тыс жуа жеу салдарынан өлгенін анықтады.

- Зертханалық сараптау нәтижесі ірі қара малдың шаруа қожалығының жуа алқабында қалған жуаны жеп, күпті болуына байланысты өлгенін анықтады, - дейді Индер ауданы әкімінің орынбасары Салауат ӨТЕҒҰЛОВ.

Индер аудандық әкімдігі егістік алқабындағы өнімін уақытылы жинамағынына байланысты жеке кәсіпкерге әкімшілік шара қолдану туралы аудандық прокуратура және облыстық жердің қорғалуы мен пайдалануын бақылау басқармасына хат жолдады. Сонымен қатар, мал иелері келтірілген шығынды өндіру үшін сот органдарына шағымдана алады.

Дайындаған Ләззат ҚАРАЖАНОВА

5 желтоқсан 2020, 12:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.