Атырау, 25 сәуір 15:10
 ашықВ Атырау +21
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Президенттің көмекшісі Атырауға не үшін келді?

6 107 просмотра
Қанат Бозымбаев. Ашық дереккөздерден алынған сурет.

Күні кеше Атырау облысына ел Президентінің көмекшісі Қанат БОЗЫМБАЕВ бейресми сапармен келді. Мемлекет басшысының сенімді адамының келу сапарын жергілікті билік жария қылмады.

«AЖ» Бозымбаевтың өңірді тексеріп, Ақорда үшін пайдалы ақпарат жинауға келгенін анықтады.

«АЖ» дереккөздерінің хабарлауынша, қазан айының соңында Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВТЫ қабылдаған кезде, өңірдің 9 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебін алудан басқа, әкімнің отставкаға кетуі жөнінде мәселе көтерілген.

Бұл таңқаларлық жайт емес, пандемия кезіндегі сәтсіз жұмысына байланысты президенттен сөгіс алып, оған қоса облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВ қамауға алынғаннан кейін Досмұхамбетовтің отставкаға кету мәселесі уақыт еншісіне қалған болатын.

«АЖ» мәліметі бойынша, Атырау облысының әкімі қаңтарда парламенттік сайлау өткізіліп, одан кейінгі үкімет отставкасынан соң ауысады деп жоспарланған.

Дереккөздер Бозымбаевты өз қамқорлығындағы - Атырау облысының экс-әкімі, Атырау облысынан «Нұр Отан» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Дүйсенбай ТҰРҒАНОВТЫҢ позициясын зерттеуге келген болуы мүмкін деп хабарлайды. Екі шенеуніктің де мансап жолы әлденеше рет тоғысқан - 2002-2007 жылдары Тұрғанов «KEGOC» АҚ вице-президенті болғанда, бұл компанияны Бозымбаев басқарды. Кейін Бозымбаев Павлодар облысының әкімі болғанда, Тұрғанов оның бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Қалай болғанда да, сайлауалды науқанына дейін Тұрғановтың кандидатурасын Ақорда Досмұхамбетовтің орнын басатын адам ретінде қарастырған.

Одан басқа, аяқ астынан босаған бірінші орынбасардың орнына елордадан жіберілген Серік АЙДАРБЕКОВТІ әкім қызметіне үміткерлердің бірі ретінде атайды.

Еске салсақ, 18 желтоқсанда Махамбет Досмұхамбетовтің Атырау облысының әкімі болып тағайындалғанына тура бір жыл толады.

Азамат МАЙТАНОВ

29 қараша 2020, 13:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.