Атырау, 27 сәуір 02:18
 ашықВ Атырау +24
$ 443.35
€ 475.54
₽ 4.82

Атыраудың экс-әкімдері Мәжілістен үмітті

4 647 просмотра

Атырау облысынан «Нұр Отан» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына үміткерлер тізіміне Дүйсенбай ТҰРҒАНОВ, Сәлімжан НАҚПАЕВ және Толқын БЕЙІСҚАЛИ енген. 17 қарашада өңірлік конференция өтіп, оның барысында 10 кандидат пікірсайысқа қатысты. Нәтижесінде партия мүшелері үш кандидатты таңдады. Тұрғанов пен Нақпаевтың бүгінде мемлекеттік қызметке қатысы жоқ, ал Бейісқали - Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы.

Тұрғанов пен Нақпаевтың бір кездері (сәйкесінше 1999-2002 және 2006 жылдары) Атырау қаласының әкімдері болғанын атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ, 2021 жылы 10 қаңтарда Қазақстанда Парламент Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауы өтеді. 10 қарашада сайлау комиссиялары партиядан ұсынылған тізімдерді тіркей бастады, ол 10 желтоқсанға дейін жалғасады, содан кейін үгіт-насихат жұмыстары басталады.

«Нұр Отан» жергілікті филиалы Мәжіліс депутаттығына үміткерлерін анықтады, ал басқа партиялар асығар емес. Атырау облысының аумақтық сайлау комиссиясы «AЖ»-ға хабарлағандай, қазіргі уақытта Халық партиясы (бұрынғы коммунистік), «Ақжол», «Адал» (бұрынғы «Бірлік») және ЖСДП партияларының біздің өңірдегі филиалдары өз тізімдерін тіркеуге әлі ұсынбаған.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

18 қараша 2020, 16:34

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.