Атырау, 23 желтоқсан 07:14
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 515.02
€ 604.22
₽ 6.50

Сармат алтынын тот баспайды

Сурет Бейнежазба
6 310 рет қаралды

Атырауда Миялы қорғандарынан табылған жауынгер әйелдің қаңқасына реставрация жасалып, облыстық тарихи-өлкетану музейіне қойылды. Еске салсақ, тамыз айында жергілікті археологтар темір сауытты жауынгер әйелдің қаңқасын тапқан еді.

Қазба жұмыстарының ғылыми жетекшісі Марат ҚАСЕНОВТЫҢ айтуынша, жауынгер әйел б.э.д. 2-ғасырда өмір сүрген көне сармат дәуіріне жатады. Әйелдің жанынан алтын сырғасы, қанжары, қорамсабы мен жебе ұштары табылған.

Суретші-реставратор Қырым АЛТЫНБЕКОВТЫҢ айтуынша, жауынгер әйелдің киіміне жапсырылған түрлі аң бейнесіндегі алтын жапсырмалардың, белдігіне тағылған алтындар мен құлағындағы алтын сырғасының 90 пайыз алтын екенін сынама нәтижесі көрсеткен. Біздің заманымызға дейін сақталып тұруының да сыры осыда.  

- Деректерге сүйенсек, Атырау облысында сарматтардың 700 обасы бар. Қазіргі кезде оның сегізі ғана қазылып, зерттелді. Сондықтан археологтардың жұмысы әлі көп. Бірақ мұның бәрі қаржыға кеп тіреледі, - дейді Марат Қасенов.

Нұрбейбіт НҰҒЫМАНОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

19 қараша 2020, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.