Атырау, 28 наурыз 23:27
 бұлттыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Чемпионның әке-шешесі не үшін ІІМ-ге шағымданбақ

Сурет Бейнежазба
4 428 просмотра

Дамбы ауылындағы төбелесте қаза болған грэпплингтен әлем чемпионы Есенбек СИҒУАТОВТЫҢ туыстары тергеу ісі баяу жүріп жатыр және төбелесті негізгі ұйымдастырушы жауапкершіліктен жалтарып кеткен деп есептейді. Олардың айтуынша, осы іске байланысты тергеліп жатқан екі адам су полициясының қызметкері, алайда бұдан бұрын ПД полицияның бұған еш қатысы жоқ екенін растаған болатын. Толығырақ – «АЖ» материалында.

Естеріңізге салсақ, 18 жасар Есенбек Сиғуатов 9 тамызға қараған түні қала маңындағы Дамбы және Құрманғазы ауылдарының бірнеше жігітімен төбелес кезінде өлтірілген, атылған оқ оның жүрегіне тиген.

Баламның қайтыс болғанына 3 ай болса да, тергеу баяу жүріп жатыр. Осы іс бойынша екі адамды қамауға алды. Біреуі – балама оқ атқан, екіншісі – төбелеске қару алып келген. Алайда осы төбелесті ұйымдастырған 17 жастағы жігіт әлі бостандықта жүр. Неліктен? - дейді марқұмның әкесі Тоқсанбай ОРАЗҒАЛИ. – Бұған қатысты Ішкі істер министрлігіне шағымданамын.    

Отбасы мен ауылдастары Есенбекті елгезек, өте тәртіпті жігіт ретінде еске алады. Сұхбат кезінде анасының көз жасы тиылмай, әкесі де өз-өзін әрең ұстап отырды. Ұлдарын сағынып, бөлмесіне барып, сағаттап отырады. Елдің атын шығарған жігіттің осындай қылмыскерлердің қолынан қаза тапқанына әке-шешесі қатты налиды.

НЕДЕН БАСТАЛЫП, НЕМЕН АЯҚТАЛДЫ

- Ауылдың балалары көрші Құрманғазыға дүкенге барғанда, сол ауылдың балалары біздің ауыл балаларын ұрып жібереді. Кейін олар біздің баламыз бен достарына шағымданады. Есенбек олармен бірге Құрманғазыға барады. Олар төбелескісі келмеген, не себепті ұрғандарын сұрамақ болған. Бірақ еш сөзге келместен, мылтық атылып, біздің Есенбектің жүрегіне оқ тиеді. Түнгі намазға дайындалып жатсам, есікті Есенбектің достары қағып тұр. Шарбақта бәрі «Есенбектен айырылып қалдық. Оны атып кетті» деп жылап жүр. Төбемнен жай түскендей болды, бұған сенгім келмеді. Болашағынан үміт күттіретін ұлымның осылай қайтыс болатынын кім білген? - дейді әкесі.


ТЕРГЕЛУШІ ҚЫЛМЫСТАН БҰРЫН ЖҰМЫСТАН БОСАҒАН БА?

Тоқсанбайдың айтуынша, қылмыс жасаған екі күдікті де су полициясында жұмыс жасаған екен. Олар жанжалдасушы тараптардың бірінде болған, сол кезде олар демалыста екен. Бірі қару әкеліп, екіншісі атқан. Біріншісі полиция қызметкері ретінде тергеліп жатыр, ал екіншісі қылмыс болғанға дейін екі-үш күн бұрын құқыққорғау органдарынан жұмыстан шығарылған дейді – сонда бұрынғы күнмен, уақытын өзгертіп шығарған ба? – дейді Тоқсанбай.

«АЖ»-ға полиция департаментіндегілер былай деп жауап берді: «Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.  Тағайындалған күрделі сараптамалар қорытындысы күтілуде. Іс бойынша тиісті сараптама қорытындысына сай шешім қабылданады».

Фархат ӘБІЛОВ

Суреттер мен бейнежазбаны түсірген автор

13 қараша 2020, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.