Атырау, 7 мамыр 02:06
 ашықВ Атырау +20
$ 439.43
€ 473.31
₽ 4.82

Мұнай алыптары Атырауды көгалдандыруға құлшыныс танытпады

3 184 просмотра

Бір айдан астам уақыт бұрын облыс әкімінің орынбасары Ержан ӘБІЛХАНОВ (ТШО, НКОК, ЕМГ, АМӨЗ және басқалар, барлығы 20 шақты) ірі компаниялардың қатысуымен Атырауды көгалдандыру жөніндегі он жылдық жоба әзірленгенін және тиісті меморандумға 1-2 апта ішінде қол қойылатынын мәлімдеген еді. Бірақ ол айтқандай болмады.

Жуырда облыстық әкімдікте өткен кеңесте табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының бастығы Қадыржан АРЫСТАН компаниялардың бұл тақырыпқа аса қызығушылық танытпайтынын айтты.

- Бір айдан астам уақыт өтті, ал олар біз дайындаған меморандум жобасын әлі «қарастыруда». Қаржылық қиындықтарға сілтеп, көгалдандыруға бөлінген аумақты азайтуға тырысады, - деді Қ.Арыстан.

Департамент мәліметі бойынша, бұл алаңдардың жалпы ауданы 6 мың гектар. Атап айтқанда, «Теңізшевройл» Қайыршақты ауылдық округі аумағына (1722 га), НКОК - Соколок каналының бойына (1374 га), АМӨЗ - Сасықсай булану алаңы аумағына (1421 га) «жасыл белдеу» жасауы тиіс.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

13 қараша 2020, 16:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.