Атырау, 26 қараша 06:54
 ашықВ Атырау -1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

​Жол апатында тоғыз адам опат болды: екі көлікте де туыстар отырған

5 508 просмотра

Қазір жол апатында қаза болғандардың жеке тұлғалары анықталды. Renault Duster көлігінде Доссордың тұрғындары - 57 жастағы жүргізуші, 55 жастағы әйелі мен 15 жасар ұлы және 36 жастағы туысы болған. Geely көлігінде 36 жастағы жүргізуші – қала маңындағы Томарлы ауылының тұрғыны, 67 жастағы әйел - Қызылқоға ауданы Жангелдин ауылының тұрғыны және Атыраудың үш тұрғыны – 63 жастағы ер адам мен әйел, сонымен қатар 38 жастағы әйел отырған. Алдын ала берілген ақпарат бойынша, олардың барлығы өзара туысқандар екен.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі («екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан, көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге салсақ, 4 қазан күні Атырау – Ақтөбе тас жолында шамамен Жамансор мен Макат ауылдары арасында көп адам зардап шеккен жантүршігерлік жол көлік апаты орын алды. Renault Duster мен Geely автокөліктерінің бетпе бет соқтығысуы салдарынан екі жүргізуші де жолаушыларымен бірге - барлығы 9 адам оқиға орнында қаза болды. 

Айнұр САПАРОВА

5 қазан 2020, 17:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.