Атырау, 22 желтоқсан 12:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

​Макс Боқаев Ақтөбеден Атырауға ауыстырылды

3 862 рет қаралды

Бүгін, 28 қыркүйекте, сағат 16 шамасында Атырауға этаппен жазасын өтеп отырғандар жеткізілді, солардың ішінде Макс Боқаев та бар.

Бұдан бұрын азаматтық белсендінің Ақтөбеден тұрғылықты жері бойынша Атырау УГ-157/9 ерлер колониясына ауыстырылатыны туралы құқыққорғаушы Бақытжан ТӨРЕҒОЖИНА хабарлаған еді.

Оны жергілікті белсенді азаматтар күтіп алды, бірақ полиция қызметкерлері оларға пойыз құрамына жақындауға рұқсат бермеді. 

Естеріңізге сала кетейік, бір жыл бұрын ІІМ-нің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Боқаевты мақтау алмаған деген себеппен Атырауға ауыстырудан бас тартқан болатын.

Індеттің алғашқы толқынында Макс Боқаев Ақтөбе колониясындағы басқа да көптеген сотталғандар секілді коронавирус жұқтырып алып, емделді.

Осы жылдың шілде айында АҚШ-тың 12 сенаторы Қазақстан Президентіне «өз көзқарасын бейбіт түрде білдіргені үшін жазасын өтеп жатқан» белсенді азаматтар Макс Боқаев пен Әсет Әбішевті босату туралы өтініш білдірген еді.

Макс Боқаевтың жазасын өтеу мерзімі 2021 жылдың 21 ақпанында аяқталады.

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

28 қыркүйек 2020, 16:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.