Атырау, 20 сәуір 10:00
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Енді «Ретро саябақтың» жанында да митинг өткізуге болады

3 215 просмотра

18 қыркүйекте қалалық мәслихаттың кезекті сессиясы өтті. Депутаттар Атырауда бейбіт жиналыс, митингі және пикет өткізу үшін екінші орынды - Жилгородоктағы «Ретро саябақтың» алдындағы алаңды бекітті. Биылғы ақпан айында бекітілген бірінші орын «Салтанат сарайы» ғимаратының жанындағы Жұмекен Нәжімеденов ескерткішінің маңы.

Депутаттар Атырау мұнай құбыры басқармасы кеңсесінен бастап Нұрғиса Тілендиев көшесінің бойымен Жеңіс саябағына дейінгі аралықты шеру мен демонстрация өтетін орын ретінде белгіледі.

Қалалық ТКШ бөлімінің басшысы Эдуард ОСПАНОВ қоғамдық көліктің жағдайы туралы баяндама жасады. Оның айтуынша, бүгінде 8 тасымалдаушыға тиесілі 180 автобус қала мен қала маңындағы 26 бағыт бойынша жүреді.

Депутаттардың бірінің маршрут желісін кеңейту туралы пікіріне жауап бере отырып, Оспанов «Ақжайық-Автопарк» компаниясы «Utong» маркалы 170 автобусты сатып алу туралы келісімшарт жасаған, қазір бұл көліктер Атырауға келген. Қазан айының соңына дейін осы автобустар жүретін метан құю бекетін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Осыдан кейін қала маңындағы ауылдар мен Самал, Бесікті, Көкарна, Талғайраң, Балауса, Тұлпар, Водниково-2, 3, Сарықамыс және Нұрсая 2, 3 ықшамаудандарын автобус тасымалымен қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Арнаулы автобаза» ЖШС директоры Алмаз ІЗТІЛЕУОВ қоқыс шығаруға қатысты жағдайды баяндады.

- Қиындықтар болды. Біздің қызметкерлердің көбі - Өзбекстан азаматы. Олардың 60%-ы карантинге байланысты үйлеріне кетіп, кері келе алмады. Қазір мәселе шешілуде - жергілікті тұрғындар жұмысқа орналасып жатыр, 101 адам жұмысқа алынды.

Бос жұмыс орындарының саны 30%-ға азайды, бірақ әлі 240 адам керек. Қоқыс шығару бойынша тұрғындардың дебиторлық берешегіне қатысты мәселе шешілуде. Сот арқылы қызметті төлемегендерден - заңды және жеке тұлғалардан 25 миллион теңге өндірілді, бұл - бүкіл қарыздың 12%-ы. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

19 қыркүйек 2020, 01:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.