Атырау, 26 сәуір 22:32
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

"Сергек" жергілікті бюджетке қаражат құя бастады

3 445 просмотра

Бұдан бұрын «AЖ» хабарлағандай, 10 қыркүйекте сағат 15:00-де Атырауда «ақылды» «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылды. Осыдан кейін бір тәулік ішінде «Сергек» 300-ден астам жол ережесін бұзу фактісін тіркеді.

- Негізінен бұлар - тоқтау сызығын, үздіксіз сызықтың қиылысын басу, жылдамдықты арттыру, сондай-ақ бағдаршамның тыйым салатын белгісінен өту, - деп хабарлады «АЖ»-ға Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі. - Қазіргі уақытта «Сергек» кешенінің жұмысы жалғасуда, анықталған ереже бұзушылықтар туралы ақпарат өңделіп жатыр. Ал көлік иелері айыппұл туралы хабарламаны тұрғылықты жері бойынша «Қазпошта» арқылы және ұялы телефон арқылы алады.

Осы 300 ереже бұзушыға салынатын айыппұлдың жалпы сомасы өте қомақты, өзіңіз есептеп көріңіз: жылдамдықты арттырғаны үшін (арттыру дәрежесіне байланысты) 13 890-нан 55 560 теңгеге дейін, қызыл шам жанғанда жүргені үшін 27780 теңге, тоқтау сызығын басқаны үшін - 13 890 теңге. Жергілікті бюджет толыға бастады, әлі де толығады.

Айтпақшы, Алматыда «Сергек» жүйесі іске қосылған сәттен бастап сегіз күн ішінде 42 миллион теңге «табыс» тапқан.

Фархат ӘБІЛОВ

13 қыркүйек 2020, 13:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.