Атырау, 19 сәуір 08:52
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Құлпытасқа оқ атудың не қажеті бар?

3 863 просмотра
"АЖ" мұрағатынан алынған сурет

Тамыз айының соңында қала сыртындағы Талғайраң ауылының маңында орналасқан қорымға барған қала тұрғыны Сейілхан МАНАШ жан түршігерлік жағдайдың куәгері болды: оның анасының бейітін және өзге 5 бейіттің құлпытасын біреулер бытыраның оғымен атқан.

Өткен айда әпкем мен анамды жерледім. Құлпытасты ату кімге керек болды? Бұл нағыз жан түршігерлік жағдай, - дейді С.Манаш. Құлпытасты қайта жөндеп қойған, ал полицияға арыз жазбаған көрінеді. Өйткені, оны жасағандардың табылатынына сенбейді.

Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылдың қаңтарында Атырауда екі мұсылман зиратында марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар құлпытастары бар 30-дан астам мазар қиратылған болатын. Атырау облысының бас имамы сол кезде ислам дінінде жерлеу орындарында бюсттер орнатып, бейнесін салуға тыйым салынғанын, бірақ қабірлерді қорлау үлкен күнә екенін айтқан еді. Көп ұзамай полиция дәстүрлі емес діни ағымдардың бірін ұстанушы бірнеше жергілікті тұрғындарды ұстады. Кейінірек олар сол кездегі редакциядағы «ҚР Қылмыстық кодексінің 275-бабы 2-тармағының «б» және «в» тармақтары («Алдын ала сөз байласқан адамдар тобының діни өшпенділік тұрғысында өлгендердің мәйіттерін қорлау не олар жерленген жерлерді бүлдіру») бойынша қылмыстық жазаға тартылды.

Фархат ӘБІЛОВ

11 қыркүйек 2020, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.