Атырау, 20 сәуір 17:08
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда «Сергек» 10 қыркүйектен бастап іске қосылады

3 029 просмотра

10 қыркүйектен бастап Атырауда қала көшелері мен жолдарында ереже бұзушылықты тіркейтін интеллектуалды «Сергек» бейнебақылау жүйесі іске қосылады. Осы күннен бастап жол ережесін бұзушылар айыппұл түбіртектерін ала бастайды. Естеріңізге салсақ, «Сергектің» қосылу мерзімі екі рет - 18 мамыр мен 1 маусымнан кейінге қалдырылды.

Бұдан бұрын «AЖ» хабарлағандай, «Сергек» көшелерінде жол қозғалысы ережесі мен басқа құқық бұзушылық компьютерлік көру жүйесінің және арнайы алгоритмдердің көмегімен автоматты режимде тіркеледі. Құқық бұзушылықты тексергеннен кейін полиция департаментінің уәкілетті қызметкері ұйғарымды өзінің электронды-цифрлық қолтаңбасымен бекітеді. Бүкіл құқықбұзушылық ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Әкімшілік іс жүргізудің бірыңғай тізіліміне автоматты түрде тіркеледі.

«Сергек» жүйесі жылдамдықты арттыру, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту, тоқтау сызығын басу және жол таңбасы сызықтарын бұзу (мысалы, тоқтау сызығына 15 метр қалғанда қозғалысты ауыстыру) сияқты ереже бұзушылықтарды тіркейді.

- Жол жүру ережесін бұзғаны үшін барлық айыппұл қалалық бюджетке түседі, - деп атап өтті қалалық әкімдік.

Бірнеше шолу және тіркеу камераларынан тұратын «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешені 153 желілік аумақ пен 51 жол қиылысына орнатылды. Бірақ бұл жолдағы қауіпсіздікке ғана қатысты емес.

- «Сергектің» арқасында полиция қызметкерлері тұрғын үй аулаларындағы, мектеп аумағындағы, вокзал, әуежай және адамдар көп жиналатын жерлерде қоғамдық қауіпсіздікті бақылай алады. Бұған дейiн орнатылган 750 бейнекамера жаңа жүйеге интеграцияланады, - деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, жобада полиция қызметкерлеріне бағдар бойынша көлік құралдарын іздеу функциясы бар 100 планшет қарастырылған.

Айта кету керек, жыл басынан бері Атырау облысында 57 993 жол жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді, оның 38 мыңнан астамы - облыс орталығында.

«Сергек» сөзі «сезімтал, қырағы» дегенді білдіреді.

Фархат ӘБІЛОВ

2 қыркүйек 2020, 17:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.