Атырау, 3 мамыр 13:15
 ашықВ Атырау +15
$ 443.37
€ 474.49
₽ 4.83

Балықшылар 118 келі қортпа аулады

Сурет Бейнежазба
2 727 просмотра

Жаздың соңғы күнінде «Амангелді» өндірістік кооперативінің балықшылары салмағы 118 келі болатын қортпа балығын аулады. Қазіргі уақытта ол Жайық Атырау бекіре зауытына тапсырылды. Балықтың жасы мен жынысы анықталуда.

Естеріңізге салсақ, биылғы 1 наурызда Жайық-Атырау бекіре өсіру зауытының қызметкерлері Жайық сағасынан салмағы 148 келі, ұзындығы 2,2 метр болатын уылдырықты қортпа балығын аулаған еді. Ал сәуір айында мамандар одан табиғи жолмен 22 келі уылдырық алды. Тұқымды уылдырықтарды құрт болғанға дейін инкубациялау үшін «Осетр» аппаратына орналастырды. Жазда жасанды тоғандарда өсірілген шабақтар Жайыққа жіберіледі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі ұсынған суреттер мен бейнежазба

1 қыркүйек 2020, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.