
NCOC өндірістік алаңдарында COVID-19 расталған 70 жағдай тіркелді. Бұл туралы консорциумның баспасөз қызметі хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, NCOC ірі компаниялардың ішінде ұзақ уақыт бойы коронавирустан аман болған ең соңғы компания еді. Ең алғашқы жағдай олардың өндірістік нысанында шілде айында тіркеліп, вирус жұқтырған қызметкерлер провизорлық стационарға жатқызылды. Одан бөлек, ПТР-тест жасау бойынша ауқымды іс-шаралар жалғасуда.
NCOC баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өндірістік нысандарға тек негізгі, аса қажетті қызметкерлерге ғана жұмыс жасауға рұқсат етілген. Теңіз объектілеріне кіру үшін 14 күндік карантин нәтижесі шыққаннан кейін, ал жер үсті объектілеріне – 10 күндік карантин нәтижесі бойынша рұқсат беріледі. Бұл ретте 8-нші күні теңіз және жер үсті объектілерінің қызметкерлері арасында жасалған ПТР-тест расталмаған болуы керек.
Сонымен қатар, барлық өндірістік учаскелерде «автономды жұмыс учаскесі» тұжырымдамасы енгізілді – бұл ретте жұмысшылар жеке топтарға бөлініп, бір-бірімен сирек байланыс жасайды.
Бұған дейін компанияда алғашқы жағдай анықталғаннан кейін Shell компаниясы Қазақстаннан барлық қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелерін алып кеткені туралы хабарланған болатын.
Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА
В Атырау 0