Атырау, 25 сәуір 12:15
 ашықВ Атырау +26
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Досмұхамбетов: Қазір коронавирус Теңіз кенішіне кірмес бұрын да анықталуда

3 991 просмотра

Қазір ауру жұқтырғандардың басым бөлігі кеніштен емес, ауысымға түсер алдында анықталып жатыр, - дейді Атырау облысының әкімі Махамбет ДОСМҰХАМБЕТОВ.

- Коронавируспен ауырғандардың басым көпшілігі мұнай-газ саласында анықталды деу дұрыс емес. Ол жағдай бұдан бұрын, көктемде, Теңіз кенішінде 36 инфекция ошағы анықталып, сол жерден көп адам шығарылған кезде болды. Бірақ онда қазір жағдай бірқалыпты. Қазір КВИ негізінен кен орнында емес, ауысымға түсетін және тестілеуден өткен жұмысшылардан анықталуда. Яғни, кен орнына сырттан келгендерден. Бұл скрининг ауысымдық әдіспен жұмыс істейтін жұмысшылар ұжымын қорғайтын тиімді шара болып отыр. Енді жаңа ереже енгізілді - ауысым басталмастан 3 күн бұрын жұмысшыларды тұрғылықты жері бойынша скринингтен өткізеді, - деді сұрақтарға жауап берген әкім.

Оның айтуынша, НКОК компаниясы наурыз айында бірден вахтаны 3 айға жауып тастағаны қызметкерлерін жұқпалы аурудан қорғауға көмектескен. Ол жердегі ауысым жұмысшыларының арасында вирус жұқтырғандар жоқ. Вахтаның бір бөлігі ауысты, шілденің ортасында екінші вахтаны ауыстыру жоспарлануда, ал бұл мыңнан астам адам. «EMГ» да бас санитариялық дәрігер бекіткен алгоритмге сәйкес жұмысшыларын ауыстырады. Бүгінде компанияда өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін санитариялық-гигиеналық талаптар сақталып отыр.

- Әр өңірде жағдайға байланысты өз шектеу шаралары бар, - деп толықтырды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы ТОҒЖАНОВ. - Маңғыстау облысында Бозащы және Қаражанбас кен орындары карантинге алынған. Қарағанды облысындағы Нұрқазған кеніші де іс жүзінде карантинге алынды, ал онда мыңнан астам адам жұмыс істейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

11 шілде 2020, 22:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.