Атырау, 21 желтоқсан 22:19
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Атыраудағы тутұғырдың құлауына "үнемдеу" себеп болған

3 027 рет қаралды

Атырау облысының прокуратурасы Атырауда тутұғыр салған мердігердің құрылымды сметада көрсетілген шығындардан 3 есе арзан бағамен орнатқанын анықтады. Бұдан басқа, құрылыс басқармасы заң талаптарын бұзып, өткен жылдың соңында құлаған тутұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген.

- Жобалау-сметалық құжаттаманың талаптарына қарамастан, авторлық қадағалаудың келісімінсіз мердігер өзіндік құны сметада көрсетілген 203 миллион теңгеден 3 есе арзан тутұғырды орнатқаны анықталды. Өз кезегінде облыстық құрылыс басқармасы заң талаптарын бұзып, тутұғырды ауыстыруға өз бетінше келісім берген, - деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.

Осылайша мердігер мен құрылыс басқармасының заңсыз әрекеттерінен туындаған апатты жағдай адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірді. Аса ірі көлемде жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу үшін материалдар экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Естеріңізге салсақ, бұдан бұрын мердігер компания қалпына келтіру жұмыстарын өз есебінен жүргізетіні хабарланған болатын.

Фархат ӘБІЛОВ

14 тамыз 2020, 08:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.