Атырау, 20 сәуір 12:54
 ашықВ Атырау +26
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Салық басқармасында жаңа басшы

3 301 просмотра

Серік АЙСИН Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Ол 1972 жылы Целиноградта дүниеге келген. 1995 жылы Қостанай ауылшаруашылық институтын «инженер-менеджер-экономист», 1999 жылы Академиялық құқық институтын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1995 жылы салық органдарында бастаған. Алматы облысы бойынша Салық комитетінде, одан кейін ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің орталық аппаратында түрлі қызметтер атқарды. Осы тағайындауға дейін - ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің Цифрландыру және мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры болды.

Естеріңізге салсақ, облыстың бұрынғы салық инспекторы Қайрат ЖҰЛМҰХАМБЕТОВ өткен жылдың желтоқсан айында қарамағындағы қызметкерден пара алды деген күдікпен ұсталған болатын, сот әлі болған жоқ.

Мирас МҰСТАФАЕВ

12 тамыз 2020, 16:47

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.