Атырау, 22 желтоқсан 08:12
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Көлік апатына түскен жүргізуші ауруханада қайтыс болды

3 950 рет қаралды

«Жұлдыз» зиратының маңында 3 тамызда жол-көлік апатына түскен 34 жастағы жүргізуші Атырау облыстық ауруханасының жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Естеріңізге салсақ, ол жерде Nissan Murano мен Nissan Teana соқтығысып, бір адам көз жұмған еді.

Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, көлік апатынан кейін зардап шеккен екі адам жедел жәрдеммен облыстық аурухананың травматологиялық бөліміне жеткізілген.

- 3 тамызда сағат 15.00-де түрлі сынық, бас сүйек-ми жарақаттарымен, кеуде қуысының зақымымен 34 жастағы науқас ауруханаға түсті. 4 тамыз күні сағат 5.30-да көз жұмды, - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Үшінші зардап шегуші - 40 жастағы ер адам алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң амбулаториялық емдеуге жіберілді.

Фархат ӘБІЛОВ

6 тамыз 2020, 16:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.