Атырау, 22 желтоқсан 09:34
 бұлттыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Жаңбырлы күнгі көлік апаты

4 519 рет қаралды
Кадрдан алынған сурет

3 тамызда «Жұлдыз» зираты маңында Nissan Murano мен Nissan Teana көліктері соқтығысты. Оқиға салдарынан сол жерде бір жолаушы қайтыс болып, тағы екеуі ауруханаға жеткізілді.

«АЖ» мәліметі бойынша, зардап шеккен ер адамдардың жасы 34 және 40-та. Оларды әртүрлі, соның ішінде ашық жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізген. Қайтыс болған адам туралы әзірге мәлімет жоқ. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендерді көліктен әзер алып шыққан, себебі қатты соққыдан екі көлік те бүктеліп қалған.

Жол-көлік апаты күндіз сағат 14.00 шамасында, яғни Атырауда жаңбыр жауған кезде болған. Полиция департаменті бұл оқиға туралы әзірге ақпарат ұсынған жоқ.


Фархат ӘБІЛОВ

3 тамыз 2020, 23:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.