Атырау, 20 сәуір 10:05
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

"Көмек шаң басып жатқан жоқ, бізде қойма біреу ғана"

3 154 просмотра

Демеушілер бөлген қорғаныс құралдарының партиясы бірнеше апта бойы облыстық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларында шаң басып жатқандығы туралы«AЖ» жарияланымынан кейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі бұл жағдайды түсіндірген баспасөз хабарламасын таратты.

- Бұл мәселе облыс әкімінің тікелей бақылауында. Ішкі қызметтік тексеріс жүргізілуде, жұмысына салғырт қарау дерегі анықталған жағдайда жауапты тұлға жазаланады, - деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі. - Исатай аудандық орталық ауруханасына мамыр-шілде айларында демеушілік есебінен бөлінген медициналық 10140 дана медициналық маска, 660 дана медициналық комбинезон, ал Жылыой ауданына мамыр және шілде айларында 13 110 дана маска, 180 дана обаға қарсы костюм, 2070 дана қорғаныш комбинезоны, 190 дана қорғаныш көзілдірігі және 300 дана қорғаныш экраны мен 7663 дана қолғап жеткізілген. Қазіргі уақытта аталған медициналық ұйымдарда қорғаныс құралдары және қажетті заттардың қоры жеткілікті екендігін мәлімдейміз.

Пандемияға байланысты, «АТМА-Аэропорт Атырау» АҚ тарапынан Атырауға 25 маусымда демеушілік көмек келіп, бүкіл тауар Геолог емханасы жанындағы орталықтандырылған қоймаға жинақталды.

- Нақты есебі жүргізілгеннен соң, олар емдеу мекемелерінің сұранысына сай таратылады. Бұл жерде Геолог емханасынан басқа емдеу мекемелерінде көмек заттар қорын сақтауға арналған орынның жоқ екендігін де атап өткеніміз жөн. Оның үстіне, кез келген жағдайға дайын болу үшін, қоймада кемінде екі апталық қор (медициналық қорғаныс құралдары жиынтығы) сақталуы тиіс. Бұл - қауіпсіздік үшін ең қажетті алгоритм, - деп хабарлайды Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын облыс прокуратурасы хабарлағандай, шілдеде Исатай мен Жылыой аудандық ауруханалары жеке қорғаныс құралдарын сатып алған, алайда олар қоймаларында болған.

-  Бұл екі аудандық мекеме дербес шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан, қаржылық-шаруашылық қызметтерін дербес ұйымдастыра алады. Осыған сәйкес, мекеменің қажетті заттарын сатып алу тәртібі де заңнама талаптарына сәйкес дербес жүзеге асырылады, - деп жазды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  

Олардың мәліметінше, Исатай аудандық орталық ауруханасының 500 комбинезон сатып алу туралы мемлекеттік сатып алу жоспарына 23 маусымда өзгеріс енгізіліп, сатып алудың өтпеуіне байланысты, 26 маусымда қайта хабарландыру берілген. Нәтижесінде 9 шілдеде Атырау қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнымен арада 1 млн 930 мың теңгеге келісімшартқа отырып, 27 шілдеде тауар толық жеткізілген.

Жылыой аудандық орталық ауруханасы да қорғаныш маскасын, пульсоксиметр және бір рет қолданатын комбинезонды мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүзеге асырып, қазіргі уақытта тауарлар толықтай жеткізілген.

«Ақ үй» демеушілердің көмек көрсеткеніне қарамастан, жоспарлы мемлекеттік сатып алулар өткізіле беретініне сендіреді.

- Демеушілік есебінен бөлінген қажетті заттар бойынша, Денсаулық сақтау басқармасы қабылдау және бөлу есептерін ұдайы жүргізіп келеді. Бүгінде демеушілік есебінен келген қажетті медициналық заттарды емдеу орындарына тарату жұмыстары жалғасуда.

Дайындаған Фархат ӘБІЛОВ

31 шілде 2020, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.