Полиция 1 шілдеде бастаған заңсыз сақталудағы атыс қарулар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды алу акциясын жалғастыруда. Қазір жергілікті тұрғындар 25 атыс қару мен 104 оқ-дәріні тапсырған. Ал ерікті түрде қару-жарақ, оқ-дәріні тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады және ақшалай сыйақы алады.
- Акция мақсаты қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, - деп атап өтті Атырау облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза ҮМБЕТҚАЛИЕВ.
Атырау облысы бойынша қаруларды ерікті түрде тапсырғандарға республикалық бюджеттен 2 млн 831 мың теңге қаралған. Бұл ретте тұрғындарға бұрын хабарланғандай, полиция бөлімшесіне қару тапсыруға барудың қажеті жоқ, тек «102» операторына немесе 98-23-23, 98-21-55, 98-22-05 телефондары арқылы хабарласса болғаны, полиция өкілдерінің өзі-ақ келеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА