Атырау, 17 мамыр 16:35
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

«Үлкен айырмашылық»: облыс әкімдігінің комментарийі

3 676 просмотра

Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтың бұйрығымен денсаулық сақтау басқармасы ИВЛ аппаратын жеткізу тендерін жеңіп алған оралдық компаниямен келісімшартты бұзғандығы туралы «АЖ» жарияланымынан кейін облыс әкімдігінің баспасөз қызметі комментарий берді.

«2020 жылдың 21 шілдесінде ҚР Қаржы министрлігінен Атырау облысының әкімдігіне елдегі медициналық ұйымдарға жасанды желдету аппараттарын сатып алу үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлініп жатқаны туралы ақпарат түседі. Онда әрқайсысы 8 миллион 900 мың теңге тұратын 63 жасанды желдету аппаратын Атырау облысына жеткізу жоспарланған. Ал, «ОралМедРегион» ЖШС-нің Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасымен жасалған келісімшарты бойынша әр жасанды желдету аппаратының құны - 13 миллион 285 мың теңгені құрайды. Жоғарыда аталған келісім-шарт бойынша жалпы сомасы 597 миллион 825 мың теңгеге 45 аппаратты сатып алу жоспарланған. Бір жасанды желдету аппараты бағасының айырмашылығы -  4 миллион 385 мың теңге. Яғни бұл үкімет  резерві есебінен сатып алынатын құрылғылардың бағасынан 50 пайыз қымбат. 8,9 млн теңгенің 45 жасанды желдету аппаратын сатып алу бюджет қаржысынан 197 млн 325 мың теңге үнемдеуге, оған қосымша 22 сондай аппарат алуға мүмкіндік береді. Қаржы министрлігінің жоғарыда көрсетілген ақпаратын алғаннан кейін облыстық денсаулық сақтау басқармасы аталған жағдайларды ескере отырып, "ОралМедРегион" ЖШС-нің қазынашылық органдарында 2020 жылғы 21 шілдеде тіркелген келісім-шартын бұзу туралы хат жолдады».

«AЖ» сауалдары:

- Бірақ түрік өндірушілерінен 3 миллиард теңгеге аппарат сатып алғыларыңыз келді ғой. Ендеше бюджет қаржысы үнемделеді деп қалай айтуға болады?

- Түркиядан сатып алу туралы әңгіме болған жоқ, - деп жауап берді Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ.

- Облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Таубаевтың ауызша бұйрығы туралы не айта аласыз?

- Таубаевтың бұған қандай қатысы бар? Қаржы министрлігінен бұйрық келгенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Ол жай орындаушы. Оралдық компанияның бағасы жоғары, сондықтан олармен келісімшарт бұзылды.

- Егер оралдық компанияның бағасы жоғары болса, неге ол тендер жеңімпазы болды?

- Өңірге шұғыл жасанды желдету аппараты қажет болды.

Фархат ӘБІЛОВ

23 шілде 2020, 20:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.