Атырау, 17 мамыр 15:16
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +15
$ 441.58
€ 480.00
₽ 4.86

Үлкен айырмашылық: неліктен әкімдік Оралдан ИВЛ алуды қаламады?

4 270 просмотра
Нұрлан Таубаев

«Қазақстанның Демократиялық партиясы» ҚБ төрағасы Азат ПЕРУАШЕВ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан Орал қаласындағы компаниядан ИВЛ аппараттарын жеткізу келісімшартынан бас тартуды талап еткенін мәлімдеді. Ал тендер аяқталып, жеңімпаз анықталды, сондықтан біздің облыстық денсаулық сақтау басқармасының лоттан бас тартуына ешқандай заңды негіз жоқ. Сөйтсек, бұл Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ бұйрығы екен.

Бұл туралы «АЖ» тілшісі тендер жеңімпазы болған «ОралМедРегион» ЖШС директоры Андрей ПАВЛОВТАН білді.

- «ОралМедРегион» ЖШС-не байланысты премьер- министрге хат жолдадым. Отандық ИВЛ аппараттарын өндіруші оны Атырауға жеткізу үшін келісім-шарт жасасқан. Алайда, денсаулық министрлігі ИВЛ-ді Түркиядан 30 миллиард теңгеге сатып аламыз деп шартты бұзуды талап етуде. Ал сонда бюджетті үнемдеу мен ұлттық мүдде қайда қалады? – деп жазған еді Перуашев Twitter-де.

21 шілдеде «ОралМедРегион» ЖШС мен Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында 45 ИВЛ аппаратын жеткізу туралы келісімшарт жасалған. Бірақ кеше, 22 шілдеде облыстық денсаулық сақтау басқармасы Оралға ҚР ДМ бұйрығына сәйкес келсімшартты бұзуға мәжбүр екендіктері туралы хат жолдаған.

- Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы ешқандай негізделген құжаттар ұсынған жоқ. Ал біз тендер рәсімдерін бұзған жоқпыз, - деді «АЖ» тілшісіне «ОралМедРегион» ЖШС директоры Андрей ПАВЛОВ. Осыдан кейін мен денсаулық сақтау министрі Цойға хат жолдадым. Ол анықтауға уәде етіп, сәл кейінірек министрліктің бұған қатысты ешқандай бұйрық бермегенін хабарлады. Біз Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасынан осы жағдайды анықтауды сұрағанымызда, бізге келісімшартты бұзуға Атырау облысы әкімінің орынбасары Нұрлан ТАУБАЕВТЫҢ бұйрығы негіз болғанын ауызша хабарлады. Қазір Денсаулық сақтау министрлігі осы мәселенің анық-қанығын анықтауда.

«ОралМедРегион» ЖШС-де ИВЛ аппаратының бір жиынтығы 13 млн теңге тұрады, облыстық денсаулық сақтау басқармасы 45 данасын сатып алуды жоспарлаған. Жалпы сатып алу сомасы - 585 млн теңге. Алайда облыстық денсаулық сақтау басқармасы оны Н.Таубаевтың бұйрығымен түрік өндірушілерінен 3 млрд теңгеге сатып алуды ұйғарыпты. Сонда 2 миллиард 415 миллион теңгені артық жұмсамақ па?

- Денсаулық сақтау министрлігі отандық тауар өндірушілерді дамытуға және қолдауға көп көңіл бөледі, - деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі. - Жергілікті бюджеттегі сатып алу мәселелері, оның ішінде келісімшарттар жасау мен бұзу орталық мемлекеттік органның құзыретіне кірмейді. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктердің ИВЛ аппараттарын жеткізу жөніндегі бұрын жасалған келісімшарттарын бұзу туралы ешқандай нұсқау бермегенін жауапкершілікпен мәлімдейді.

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі «АЖ»-ға осы жағдай бойынша комментарий беруге уәде етті. Бірақ дәл осы жарияланым шыққан кезде комментарий болған жоқ.

- Түсініксіз себептерге байланысты келісімшартты бұзуға болмайды ғой! Бізде бәрі заңды, - дейді Павлов.

Фархат ӘБІЛОВ 

23 шілде 2020, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.