30 маусымда «Атырау Энергосату» ЖШС тарифтерді көтеру туралы өтініммен Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жүгінген болатын. Департамент Атырау облысының бас санитариялық дәрігеріне «қоғамдық тыңдау өткізуге бола ма?» деп сауал жолдап, онлайн режимінде ғана болады деген жауап алды.
- Қоғамдық тыңдау 17 шілдеде сағат 11.00-де Facebook әлеуметтік желісі арқылы департаменттің ресми парақшасында өтеді, - деп хабарлады департамент.
Байланыс телефондары: департамент - 8 (7122) 30-60-48, 30-81-44; «Атырау Энергосату» ЖШС: 8 (7122) 99-42-44.
Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ