Атырау, 16 қаңтар 10:09
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

​Энергетиктер тарифті көтереді

3 069 просмотра
@entiendetufactura.com

30 маусымда «Атырау Энергосату» ЖШС Табиғи монополияларды реттеу департаментіне жарық үшін тарифті көтеруге өтінім жіберді.

Жергілікті энергетиктердің пікірінше, жеке тұлғалар үшін баға квт/сағ 4,46-дан 4,73 теңгеге дейін (6%-ға), заңды тұлғалар үшін - 18,68-ден 20,06 теңгеге дейін (7%-ға), одан бөлек бюджеттік ұйымдар үшін -18,68-ден 25,74 теңгеге дейін (37%-ға) және ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін 15,07-ден 16,60 теңгеге дейін (10%-ға) көтерілуі тиіс. Бұл ретте монополист экономистері осы есептеулерде пайда көзделмеген деп ант беріп, ұсынылған құжаттарында дәлел келтіруде.

Ережеге сәйкес, енді монополияға қарсы қызметтегілер бір ай ішінде өз сараптамасын жасауы тиіс, ал шешімді жарияламастан 10 күн бұрын көпшілік тыңдаулар өткізу керек. Бірақ дәл осы жерде қиындық бар: тыңдауларды өткізу үшін көп адам бір жерге топтасады, ал қазіргі эпидемиологиялық жағдайда бұл үлкен мәселе болып тұр. Сонда да монополияға қарсы қызмет өкілдері осындай қоғамдық іс-шараны шілденің аяғында ұйымдастыруға бола ма деп бас санитар дәрігерге өтініш жолдады.

Мирас МҰСТАФАЕВ

9 шілде 2020, 22:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.