Атырау, 23 қараша 08:42
 ашықВ Атырау +5
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Атырауда өмірінің соңына дейін өз міндетін атқарған екі медицина қызметкері коронавирустан көз жұмды

7 273 просмотра

Атырауда инфекционист-дәрігер Жұмабек ДӘУЛЕТОВ пен фельдшер Алмагүл ДЕМЕСИНОВА коронавирус инфекциясы мен екі жақты пневмониядан қайтыс болды.

- Жұмабек Дәулетов медицина саласында 40 жылдан астам уақыт еңбек етті. Пандемия басталған кезде ол №2 облыстық аурухананың бүкіл маманына кеңес берді, - дейді жұқпалы аурулар ауруханасының баспасөз хатшысы Аслан ЖЕҢІСҰЛЫ. - Ол мейірімді, жанашыр, ең бастысы – тәжірибесі мол инфекционист маман еді.

Сонымен қатар, 10 шілдеде жоғары санатты фельдшер - 48 жастағы Алмагүл ДЕМЕСИНОВА екі жақты пневмониядан көз жұмды.

- Медицина училищесін бітіргеннен кейін жедел жәрдем станциясында еңбек жолын бастады. Сауатты, жауапты маман болатын. Ол жастарға білгенін үйрететін, уақытпен санаспайтын - ауысымда адамдар жетіспей жатса, олардың орнына қалатын. Оны бәрі құрметтейтін, - дейді облыстық жедел жәрдем станциясындағы әріптестері.

Соңғы кездері Алмагүл Демесинова коронавирус инфекциясымен күресуге жұмылдырылған бригада құрамында жұмыс істеді. Жұмыста жүріп ауырып, ауруханаға жатқызылып, сол жерде қайтыс болды.

Бәрінен бұрын азаматтық парызын жоғары қоятын тамаша жандар осылайша арамыздан кетті. Олар мәңгі жадымызда...

Фархат ӘБІЛОВ

11 шілде 2020, 12:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.