Атырау, 26 сәуір 21:02
 ашықВ Атырау +18
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

34 үй әуежайға тым жақын орналасқан. Енді не болды?

4 490 просмотра
Көрнекі сурет

Прокуратураның тексеруі нәтижесінде бұрын берілген 34 жер учаскесі Атырау халықаралық әуежайының санитарлық аймағында орналасқанын анықтады, - деп хабарлады қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Наурызбек ҚҰМАРОВ.

Естеріңізге сала кетсек, Алматыдағы әуе апатынан кейін 2019 жылдың желтоқсан айында Қазақстанда әуежай маңында салынған тұрғын үй құрылысының заңдылығы туралы мәселе көтерілді. Атырауда да әуежайға жақын жерде орналасқан құрылыс жетерлік. 2014 жылы ҚР Бас көлік прокуратурасы Атырау әкімдігі 2011-2012 жылдары әуеайлақ маңындағы аумақта Азаматтық авиация комитеті мен Атырау халықаралық әуежайының келісімінсіз жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер бергенін хабарлады. 2016 жылы Атырау облысының көлік прокуратурасы  жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Ғ.Сүлейменовтің атына заң бұзушылықтарды, соның ішінде әуежай маңында жер телімдерін заңсыз беру фактілері бойынша кемшіліктерді жою туралы ұсыныс берді.  Ұсыныста 2011-2012 жылдар аралығында Атырау әкімдігі тұрақты жұмыс істейтін әуежай комиссиясының оң қорытындыларынсыз және жеке тұрғын үй құрылысына қажетті рұқсатсыз 66 жер учаскесін заңсыз бергені туралы хабарланды. «АЖ» ақпараты бойынша онда жалпы 105 учаске берілген. Жерді заңсыз беру 2017 жылға дейін жалғасқан.

Н. Құмаровпен өткен тікелей эфир барысында «АЖ»  қазір әуежай жанындағы жер телімдерінің жағдайы не болды деген сұрақ қойды.

-Осының алдында прокуратура тарапынан тексеру жүргізіліп, ол 34 учаскенің әуежайдың санитарлық-қорғау аймағында орналасқанын анықтады. Қазір бұл мәселені қарау әлі де жалғасуда, - деп жауап берді Құмаров.

Ол сондай-ақ Атырауда жер телімін алуға 83 956 өтініш тіркелгенін айтты. Қазір жерді 2005 жылы кезекке тұрғандар алады - оларға Дамбы, Зарослый, Ақсай және Ақжар ауылдарында учаскелер бөлінеді. 2005 жылғы 2573 өтініштің 1300-і қанағаттандырылды. 2006 жылы кезекке тұрғандарға Ақсай-3, Жұлдыз-4, Ақжар және Еркінқала ауылдарында жер учаскелерін беру жоспарлануда. Коммерциялық мақсатқа пайдалануға арналған жер учаскелеріне келетін болсақ, наурыз айында аукцион өтіп, оған жалпы бастапқы құны 33 млн теңге болатын 16 учаске қойылды. Аукцион бағаны көтеру әдісі бойынша өткізілді. 16 учаскенің 10-ы 56 млн теңгеге сатылды. Көп ұзамай тағы 16 жер телімін шығару жоспарлануда. Бұдан басқа, ауыл шаруашылығы қажеттілігіне арналған 70 учаскеге құжат әзірленуде. 

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 шілде 2020, 14:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.