Атырау, 16 қаңтар 02:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -3
$ 529.70
€ 545.96
₽ 5.17

Жасанды тыныс алдыратын 15 аппаратпен толығады

3 512 просмотра

25 маусымда ҚР мемлекеттік сатып алу сайтында Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкпені жасанды тыныс алдыратын 15 аппаратты жеткізуге тендер өткізетіндігі туралы хабарландыру тек бір күн ілініп тұрды.

Сатып алудың жеделдігіне байланысты тендер ерекше тәртіппен өткізілді. Биыл жекелей 2 литрлік баллондармен және орталықтан оттегі беру жүйесі арқылы жұмыс істейтін ИВЛ аппараттарын шығаруды жолға қойған көкшетаулық «Тыныс» қорғаныс зауыты жеткізуші ретінде таңдалды. Аппарат партиясының құны - 9,3 миллион теңге. «Тыныс» зауыты бір ай ішінде тапсырысты орындауға міндетті.

Естеріңізге салсақ, жақында брифингте облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА өңірде бар болғаны 111 ИВЛ аппараты бар екенін, мұның аздығын хабарлаған болатын.

Мирас МҰСТАФАЕВ

30 маусым 2020, 13:33

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.