Атырау, 25 сәуір 06:40
 ашықВ Атырау +20
$ 443.85
€ 474.30
₽ 4.80

Демалыс күндері сәуірдегідей қатаң режим енгізіледі

3 665 просмотра

25 маусымда өткен брифингте облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл ХАМЕНОВА мен Атырау әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШЕВ алдағы демалыс күндері 27-28 маусымда қосымша шектеулер енгізу туралы қаулыға түсінік берді.

Қаулыны өз сөздерімен түсіндіріп, екі күнде сәуір-мамырдағыға ұқсас қатаң режим сақталатындығын, сауда-ойын сауық орталығының, базарлардың, мейрамханалар мен дәмханалардың, қызмет көрсету саласындағы барлық кәсіпорындардың, қоғамдық көліктер мен т.б. жұмысы тоқтайтындығын еске салды. Жұмысқа бару үшін анықтамасы болса немесе жақын маңдағы азық-түлік дүкеніне немесе дәріханаға бару үшін ғана жаяу жүргіншілер мен көлік қозғалысына рұқсат етілді. Осы екі күн ішінде бүкіл нысанға ауқымды дезинфекция жүргізілуі тиіс.

- Айта кету керек, карантин режимі жеңілдетілгеннен кейін вирус жұқтырғандардың саны күрт өсіп, тәулігіне 400-ге дейін науқас анықталды. Атырау облысында вирус жұқтырған 3209 адам тіркелсе, оның 1069-ы – Атырауда. Бүгінде 21 адам көз жұмды, - деді Б.Хаменова.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде медицина кадрларының жетіспеушілігі сезіледі. Егер тұрғындар арасында қандай да бір медициналық тәжірибесі бар жандар болса, кез-келген көмек қабылданады. Бұдан басқа, қазір өңірімізде небәрі 111 ИВЛ аппараты бар. Ол көп ұзамай жеткіліксіз болуы мүмкін, сондықтан Хаменова әлеуетті демеушілерді қосымша аппараттар сатып алуға көмек беруге шақырды.

Өз кезегінде Р.Жанглишов тұрғындарды шектеулерді қатаң сақтауға шақырып, полицияның бұл күндері күшейтілген режимде жұмыс істейтінін айтты. Қаулыны бұзушыларға әкімшілік айыппұл салынып, қамауға алынады.

Айнұр САПАРОВА

26 маусым 2020, 12:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.