Атырау, 28 наурыз 15:01
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +4
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Жылыой ауданының жаңа әкімі – Халел Жамалов

4 462 просмотра

Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Жылыой ауданының активіне олардың жаңа басшысы Халел ЖАМАЛОВТЫ таныстырды.

Х.Жамалов 1962 жылы Құлсары қаласында дүниеге келген. 1985 жылы Алматыдағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Сол жылы еңбек жолын Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясында дизелист болып бастаған. 1985-1989 жылдары Оңтүстік-Ембі мұнай барлау экспедициясында машинист, механик болып жұмыс істеген. 1989-1991 жылдары «Теңізмұнайгаз» АҚ Теңіз технологиялық көлік басқармасында МТҚ бөлімінің жетекші инженері, бөлім басшысы, бас инженер лауазымдарын атқарған.

1991-2002 жылдары өндірістік кооператив директоры, бөлім басшысы, маркетинг бөлімінің бас менеджері, маркетинг департаментінің директоры, «Горизонт» ЖШС бас менеджері, 2002-2004 жылдары «Бұрғылау» ЖШС директорының міндетін атқарушы, 2005 жылдан бері «Горизонт» ЖШС бас менеджері лауазымдарын атқарған.

Жылыой аудандық мәслихатының 4, 5, 6 шақырылымдарының депутаты.

Облыс әкімі ауданның бұрынғы әкімі Азамат БЕКЕТКЕ атқарған жұмыстары үшін алғысын білдіріп, еңбегіне табыс тіледі.

Бекеттің қызметінен кеткені туралы қауесет көптен бері айтылып келеді, алайда соңына дейін ресми түрде оның еңбек демалысында екендігі айтылды.

Дайындаған Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

30 маусым 2020, 11:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.