Атырау, 20 сәуір 04:31
 ашықВ Атырау +27
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Атырауда жаңадан жұқпалы аурулар ауруханасы салынады

3 932 просмотра

Атырауда жаңа жұқпалы аурулар ауруханасын салу жоспарланып отыр. Бұл жоспар қажеттіліктен туындады. Қазіргі 180 орынға арналған аурухана науқастарға лық толы.

-Аймақта коронавирусқа қатысты жағдай өте қиын. Көз жұмғандар бар. Сондықтан модульды жаңа аурухана құрылысы қажет. Қазір орын қарастырылып, қаржыландыру мәселесі шешілуде, - дейді облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Ержан ҚАЛЫМБАЙҰЛЫ.

«АЖ»-дағы ақпарат бойынша, BI Group ірі құрылыс компаниясы мердігер болады. Қазір соның мамандары қала маңындағы Сарыөзек ауылында геодезиялық жұмыстар жүргізуде. BI Group бұрын қысқа мерзім ішінде үш жұқпалы аурулар ауруханасын салған болатын – Алматыда 280 орындық, Нұр-Сұлтанда 200 орындық және Шымкентте 200 орындық.

Айнұр САПАРОВА

19 маусым 2020, 16:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.