Атырау, 22 желтоқсан 15:05
 бұлыңғыр боладыВ Атырау 0
$ 517.66
€ 606.49
₽ 6.44

Бейбарыс алаңындағы жаңартылған субұрқақ шілдеде қосылады

2 449 рет қаралды

Сұлтан Бейбарыс алаңындағы облыс әкімдігі ғимаратының алдында тұрған субұрқақ 9 жыл бойы өзгеріссіз тұрды. Мамырдың басында оны қоршап қойды. Шамасы, қайта жаңғырту үшін болса керек.

Композицияның бұрынғы өлшемі бойынша ұзындығы 34 метр де, ені 12 метр, ал тереңдігі 0,6 метр болатын. Орта белінде әртүрлі үлгідегі граниттен жасалған 5 элемент орналасқан еді.

Орталықта тұрғасын, енді ол жерде қандай сәулетті өзгеріс болатыны тұрғындар үшін қызық, әрине. Біз қала әкімдігіне сұраныс жолдап, үлгісін жіберуді өтіндік.

Үлгілердің орнына жіберген сызбаларға қарағанда, сыртқы келбетінде әнебір өзгеріс болмайды. Бел ортасындағы 5 мүсін сол қалпында қалған, бірақ өлшемдері  көрсетілмеген. Қала әкімінің орынбасары Ринат ЖАНГЛИШОВТЫҢ жазбаша берген жауабында: «облыс әкімдігі ғимаратының алдында орналасқан істен шыққан субұрқақты жаңғырту  «Атырау қаласының жағалауын көріктендіру» жобасына енгізілген. Ол жобаның бас мердігері «ҚазстройЛТД» ЖШС. Бұл нысанды шілде айында тапсыру жоспарланған. Жаңғырту жұмыстарының құны – 65,2 млн теңге» делінген.    

Дайындаған Мирас МҰСТАФАЕВ

11 маусым 2020, 15:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.