Атырау, 22 қараша 08:48
 ашықВ Атырау +6
$ 494.87
€ 520.65
₽ 4.91

«Арай» шілдеде ашылады

4 129 просмотра

Махамбет ауданы Сарытоғай ауылындағы 120 орындық «Арай» жазғы демалыс лагері үш жылдан бері бала қабылдамады. Енді оны шілдеде ашуға уәде беріп отыр.

Лагердің күрделі жөндеуіне 2018 жылы 282 млн теңге бөлінді. Тендерді шымкенттік «ЭкспрессСтрой» ЖШС-і  ұтып алды. Келісім шартта көрсетілгендей, жөндеу жұмыстары 2018 жылдың шілдесінде басталып, 2019 жылдың наурызында толық аяқталуы тиіс болатын.  Алайда мердігер жұмысын дұрыс ұйымдастыра алмағандықтан тек 26 млн теңгенің ісін ғана атқарған. Ақырында ауданаралық экономикалық сотқа жүгініп, оның шешімімен игерілмеген қаржы бюджет қорына кері аударылды.

- Сотқа «ЭкспрессСтрой» ЖШС басшылығы келген жоқ, - дейді Қ.Қалыбеков атындағы Сарытоғай орта мектебінің директоры Райса ӘЛДЕШОВА.  - Амалсыз біржақты келісімшартты бұзуымызға тура келіп, қайтадан конкурс ұйымдастырылды.  Оны «ГаммаС» ЖШС-і ұтып алды. Қазір жөндеу жұмысының 85 пайызы атқарылып тұр.

Ғимарат ішінің жұмыстары толық біте келген. Айналаны абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр. Лагер алаңына 700 түп алма және алмұрт талы егілуде. Сыртқы абаттандыру ісіндегі жарықтандыру, қоршау, қақпасын орнату жұмыстары толық біте келген.

-Лагерь  негізі 30 сәуірде пайдаланылуға берілуі тиіс. Еліміздегі коронавирус дертіне байланысты карантиннің кесірінен материалдарды жеткізуде іркіліс болды. Енді мердігер шілдеде аяқтауға уәде берді.  Бұйырса, шілдеден бастап балаларды қабылдаймыз деп үміттеніп отырмыз, - дейді Р. Альдешова.      

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

27 мамыр 2020, 13:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.