Атырау, 20 сәуір 10:29
 ашықВ Атырау +32
$ 446.49
€ 475.38
₽ 4.79

Әміровтың әйеліне қатысты дауға полиция: «Біз жай ғана өз жұмысымызды орындаймыз» деді

Бейнежазба
5 540 просмотра

- Біз Атырау облысының бас санитарлық дәрігерінің нұсқауын орындаймыз. Бекеттегілер құжатта көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін кезекшілік етеді, - деп қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ерлан БИҒАМБАЕВ қала тұрғыны Ерлан ӘМІРОВТЫҢ полиция қызметкерлерін өз үйінің маңынан алып тастау туралы талабына осылайша түсініктеме берді.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Атырауда коронавирус жұқтырған бір жүкті әйел ақыр аяғында дені сау болып шықты. Оның жұбайы Ерлан Әміров әйеліне қайтадан тест жасатуға мүмкіндік алды. Бірақ соның арасынша ол үш әкімшілік құқық бұзушылық «жасап», оған бір ескерту мен екі айыппұл салынып үлгерді. Соңғы айыппұл әйелі жұқпалы аурулар ауруханасынан шығарылғаннан кейін салынды. Енді ол бас санитарлық дәрігердің отбасы үшін үй карантинінің қажеттілігі туралы қаулысына наразылығын білдіруге тырысып бағуда. Өзіне, отбасына қатысты заңсыз әрекеттерге қарсылығын білдімек ниетте, ол батылданып,  өз жеке үйдің төбесіне шығып алды.

Оның ойы қарапайым: егер билік белгіленген  14 күн мерзімнен бұрын талдау жүргізу үшін жеке зертхананың қызметкерлерін режимдік объектіге өткізген болса, одан кейін әйелін стационарда тағы үш күн ұстаймыз дей келе үйіне еш кедергісіз жіберген болса, онда ережелері қатып қалған ереже емес, оны өзгертуге болады. Оның айтуынша, полицейлерге наразылығы жоқ. Олар онымен үнемі өзара тығыз байланысып отырған биліктің жалғыз өкілдері.

- Біз нұсқауға сәйкес әрекет етеміз, онда 9 мамырдан бастап аталған үйдің жанында полиция бекеті тұруы тиіс деп көрсетілген. Қаулы заңды күшін жойған жоқ, сондықтан біз оны орындауға тиіспіз, – дейді Е. Биғамбаев.

Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті осынша шатақ туғызған қаулының күшін жоюға асығар емес.

- Маған біздің жағдайымыз Астанаға хабарланып кетті, енді ештеңе өзгертуге болмайтынын айтты.  Ал облыстық перзентханада елордаға жіберген есептегі сандарды өзгертпеу үшін сәбиді өлтіргені есіңізде болар! Біздікілерге адамның өмірінен гөрі беріп қойған есеп маңызды! – дейді Е.Әміров ашуланып.

«АЖ» Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетіне осы жағдайға қатысты сауал жолдады.

Зульфия ИСКАЛИЕВА 

Сурет пен бейнежазбаны түсірген автор

16 мамыр 2020, 21:58

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.