Атырау қаласының орталық көпірін күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамалары әлі мемлекеттік сараптамадан өтуде.
Жобалық-сметалық құжаттаманы дайындауға 47 млн 155 мың 360 теңге бөлінді. Бұл жұмыспен «Алматы Жоба» ЖШС айналысты. Күрделі жөндеудің өзі қанша тұратыны әзірге белгісіз. Елдегі жалпы экономикалық ахуалды ескере отырып, қомақты қаражаттың қаншалықты тез табылатынын айту да қиын. Әзірге көпір бұрынғыша пайдаланылуда.
Бұған дейін көпірдің тозғандығын ескере отырып, жылдамдықты сағатына 40 км-ге дейін шектеу және көпірден түнде өтуге тыйым салу туралы ұсыныс (жедел қызметтерді қоспағанда) облыс әкімдігінің жұмыс комиссиясында мақұлданған жоқ.
Дайындаған Зульфия ИСКАЛИЕВА