8-мамырда Құлсары қаласы 1 ықшамауданында 3 жасар ер бала көп қабатты үйдің төртінші қабатынан құлап кеткен. Жабық ми жарақатымен сәби бірден аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Аудандық ТЖ бөлімінің хабарлауынша, сәби ойнап жүріп, абайсызда терезеден құлап кеткен.
-Біз Атыраудан санитарлық ұшақ шақыртуды да ойладық, себебі баланың жағдайы қиындау болды. Бірақ баланы орнынан қозғамауды ұйғарып, облыстағы білікті дәрігерлермен кеңесу арқылы жүйелі түрде емдеу ісін жүргіздік, - дейді Жылыой ауданы ауруханасының бас дәрігері Нұрбек ҮКІБАЕВ. – Қазір балдырған көпшілік палатаға ауыстырылды, есін толық жиған, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Қажетті емін алып жатыр.
...Жаз жақындап, күн жылып келеді. Осыған байланысты адамдар әдеттегідей масаға қарсы торы бар терезесін ашады. ТЖ мамандары ата-аналардың сақ болып, балаларға бас-көз болуға кеңес береді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА